×

14 наурызға ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте, орталықта көктайғақ күтіледі

 Халық үні 14.03.2024 | 06:15
Фото: egemen.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 14 наурызда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, солтүстікте, шығыста, орталықта қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, Түркістан, Жамбыл, оңтүстікте таулы аудандарда, Алматы облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте, орталықта көктайғақ күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында шаңды дауыл болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама