×

Шымкентте жаппай төбелеске қатысқан оқушылардың ата-анасы жазаланады

Төбелеске қатысушылардың бәрі – бір мектептің оқушылары болған

 Халық үні 31.05.2022 | 08:00
Фото: inform.kz

Әлеуметтік желіде оқушылар арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Онда екі жігіттің бірін бірі аяусыз ұрып жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, бейғам отырған бозбаланы екінші жігіт бетінен теуіп құлатады. Ал, қасындағы балалар араша түсудің орнына видеоға түсіріп, қызық көрген.

Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұл оқиға 27 мамыр күні қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында болғанын анықтады.

Төбелеске қатысушылар көрші сыныптарда оқитын бір мектептің оқушылары. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жасөспірімдердің ата-анасына әкімшілік шара қабылданады», - деді Шымкент қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама