2 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Cағат 18:30-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтожол.
Ақмола облысында жалпы қашықтығы 61 км 1 автожолда автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді:
«Екатеринбург-Алматы» тасжолы - Жібек жолы ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін.
Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 293 км 2 автожол автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді:
1. «Екатеринбург-Алматы» - ПВП Теміртау-Аксу-Аюлы ауылы.
2. «Кызылорда-Павлодар» - Караганда қ.- Молодёжный аулы.
3. «Екатеринбург-Алматы» - Ақмола обл. шек.-ПВП Теміртау.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 763 бірлік техника және 1765 адам жұмылдырылды.