×

Екі облыстағы 3 республикалық автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

2 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

 Халық үні 13.03.2024 | 19:27
Фото: elements.envanto

Cағат 18:30-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтожол. 

Ақмола облысында жалпы қашықтығы 61 км 1 автожолда автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді:

«Екатеринбург-Алматы» тасжолы - Жібек жолы ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін. 

Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 293 км 2 автожол автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді:
1. «Екатеринбург-Алматы» - ПВП Теміртау-Аксу-Аюлы ауылы.
2. «Кызылорда-Павлодар» - Караганда қ.- Молодёжный аулы.
3. «Екатеринбург-Алматы» - Ақмола обл. шек.-ПВП Теміртау.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 763 бірлік техника және 1765 адам жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама