Halyq Uni логотип
×

Наурыз мерекесіне орай қосымша пойыздар жолға шығады

Қалған пойыздарға қосымша вагондар енгізу де жоспарланып отыр

 Еркеғали Болатұлы 13.03.2024 | 18:00
Наурыз мерекесіне орай қосымша пойыздар жолға шығады
фото: baq.kz

Ұлттық тасымалдаушы Наурыз мерекесінде қосымша пойыздар мен электр пойыздарын іске қосады. Бұл туралы бүгін «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Наурыз мейрамы» кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша 3 пойыз енгізіледі.

Олар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

  • №201/202 «Астана-Алматы» жолаушылар пойызы бойынша 4 рейс енгізіледі: Астанадан 18, 20, 22, 24 наурызда сағат 22:00-де жөнелтіліп, Алматыға 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 17:20-да келеді. Кері бағытта Алматыдан 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 21:00-де жөнелтіліп, Астанаға 20, 22, 24, 26 наурыз сағат 16:10-да келеді;
  • №203/204 «Астана-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 3 рейс енгізіледі: Астанадан 17, 20, 23 наурызда сағат 22:37-де жөнелтіліп, Шымкентке 18, 21, 24 наурызда сағат 22:52-де келеді. Кері бағытта Шымкенттен 19, 22, 25 наурызда сағат 0:25-те жөнелтіліп, Астанаға 20, 23, 26 наурызда сағат 0:27-де келеді;
  • №205/206 «Ақтөбе-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 2 рейс енгізіледі: Ақтөбеден 20, 23 наурызда сағат 18:15-те жөнелтіліп, Шымкентке 21, 24 наурызда сағат 19:55-те келеді. Кері бағытта Шымкенттен 21, 24 наурызда сағат 22:20-да жөнелтіліп, Ақтөбеге 23, 26 наурыз сағат 01:02-де келеді.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 237 қосымша вагон қосылады.

Солтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

  • №45/46 «Павлодар-Түркістан» жолаушылар пойызына 20, 25 наурыз аралығында;
  • №139/140 «Павлодар-Пресногорьковская» жолаушылар пойызына 21, 25 наурыз аралығында;
  • №354/353 «Астана-Семей» жолаушылар пойызына 21, 25 наурыз аралығында;
  • №623/624 «Астана-Петропавл» жолаушылар пойызына 20, 24 наурыз аралығында.

Батыс аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

  • №22/21 «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызына 20, 25 наурыз аралығында;
  • №24/23 «Ақтөбе-Алматы-1» жолаушылар пойызына 21, 25 наурыз аралығында;
  • №34/33 «Ақтөбе-Алматы-1» жолаушылар пойызына 20, 25 наурыз аралығында;
  • №37/38 «Маңғыстау-Семей» жолаушылар пойызына 22, 24 наурыз аралығында;
  • №47/48 «Атырау-Астана» жолаушылар пойызына 21, 23 наурыз аралығында;
  • №313/314 «Маңғыстау-Атырау» жолаушылар пойызына 20, 23 наурыз аралығында;
  • №614/613 «Орал-Маңғыстау» жолаушылар пойызына 20, 25 наурыз аралығында;
  • №692/691 «Ақтөбе-Атырау» жолаушылар пойызына 20, 25 наурыз аралығында.

Оңтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

  • №87/88 «Алматы-Сарыағаш» жолаушылар пойызына 20, 26 наурыз аралығында;
  • №77/78 «Алматы-Маңғыстау» жолаушылар пойызына 20, 26 наурыз аралығында;
  • №351/352 «Алматы-Өскемен» жолаушылар пойызына 20, 26 наурыз аралығында;
  • №21/22 «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызына 20, 26 наурыз аралығында.

Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша қосымша электр пойыздары қосылады:

  • №7509 «Павлодар-Астана» электр пойызы бір бағытта 10, 24 наурыз;
  • №7510 «Астана-Павлодар» электр пойызы бір бағытта 20, 21 наурыз;
  • №6805/6806 «Астана-Көкшетау» электр пойызы 20, 25 наурыз;
  • №6811/6812 «Астана-Бурабай курорты» электр пойызы 21 наурыз.

Қосымша пойыздарға билеттерді сату 5 наурызда басталады. Билеттерді bilet.railways.kz сайты және билет кассалары арқылы сатып алуға болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 тегін нөмірі, KTZH_PP_BOT бот жеделхаттары, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады, - деп жазды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама