×

Тәркіленуге жататын 110,2 млн теңгенің мүлкін жасырған кәсіпорын директоры сотталды

Ол кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айырылды

 Динара Амантай 13.03.2024 | 16:12
Фото: Жамбыл обл. прокуратураның баспасөз қызметі

Тараз қаласының прокуратурасы талдау жүргізу барысында мемлекет пайдасына тәркіленген жалпы көлемі 110,2 млн теңгенің мүлкін жасыру фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ASCO Pro ЖШС-нен 110,2 млн теңгенің алкогольдік өнімдері тәркіленген. Алайда мекеменің бұрынғы басшысы тәркіленген тауарларды жасырған.

Осы факті бойынша Тараз қаласының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 425-бабы («Тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер») бойынша қылмыстық істі тіркеді. Тараз қалалық №2 сотының 2024 жылғы 7 наурыздағы үкімімен ASCO Pro ЖШС-ның бұрынғы басшысы ҚР ҚК-нің 425-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ сотталғаннан мемлекет пайдасына 110,2 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама