×

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтетін күн белгілі болды

Жиын мемлекет басшысының қатысуымен өтеді

 Динара Амантай 13.03.2024 | 15:47
Фото: t.me/aqorda_resmi

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы Атырауда өтетін болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурызда Атырау қаласында өтеді, – делінген Ақорда хабарламасында.

Осыдан екі жыл бұрын мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылған болатын. Алғашқы жиын былтыр Ұлытауда өтті. Онда көбіне ұлттық құндылықтарға негізделген мемлекеттің болашақ дамуы туралы ұсыныстар айтылды. Одан кейін келелі жиын жалғасын тауып, Түркістанда ұйымдастырылды.

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кенжехан Матыжанов ендігі өтетін құрылтайда мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауын жасауы мүмкін деген ойын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама