Ақмола облысындағы Горняцк елді мекендерінің тұрғындары тау-кен ісіндегі мансапты сәтті игеруде. Степногорск қаласынан келген көпбалалы ана Айгүл Жұматаева, Заводская кентінің тұрғыны Ольга Ганске, балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған аналар Екатерина Бондаренко мен Мағира Небусова, Бөгенбай ауылынан келген автоледи Анастасия Терхоева тракторшыдан бастап, ауыр жүк көліктері жүргізушілеріне дейінгі мансап жолынан өтеді.
Бес баланың тәрбиесі мен ауыр жүк көлігінің жүргізушісі мансабын бірге алып жүру әбден мүмкін. Мұны Степногорск қаласының тумасы Айгүл Жұматаева дәлелдейді. Айгүл аспазшы және техник-технолог кәсіптерін игерген, бірақ бұл мамандықтар бойынша жұмыс істемеді. Ауыр жүк көлігін басқару дағдыларын меңгергенге дейін әйел жергілікті мойынтірек зауытында сұрыптаушы болды. Жұмыс берушінің есебінен оқу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы біліп, ол өтініш беріп, бүгін тракторшы-мәшинешісі кәсібін игеріп, мамыр айында 35-тонналық жүк көлігін жүргізу мүмкіндігін беретін С санатын алады:
Менің жұбайым - жүргізуші, ол маған көлікті басқаруды үйретті, бұл маған әрқашан ұнайтын. Бірақ ол тіпті мен ауыр жүк көлігінің жүргізушісі болатыныма күмәнмен қарады. Әрине, қазір жұбайым мен балаларым мені қатты қолдайды. Егер сіз қатты қаласаңыз, жақсы ана болып, сүйікті ісіңізбен айналысу әбден мүмкін.
Заводская ауылының тұрғыны Магера Небусова жүргізу ұқыптылығы мен қауіпсіздік ережелерін сақтауды ерешке атап өтеді. Ол 43 жаста, жалғыз үш баланы тәрбиелеп, әже атанып үлгерді. Көп уақыт бойы күзетші болып жұмыс істеді. Бұл мүмкіндік туралы біліп, елеулі көлікті жүргізу – өзінің бақытты билеті екені сенімді:
Осы іспен айналасқаныма бір жыл болды. Менің балаларым тіпті осының құрметіне маған сыйлық ретінде әшекей сыйлады. Маған оқу кезеңі ұнады, қыздармен барлық трактор санаттарын тәмамдадық. Ең бастысы – көлік жүргізу кезінде қауіпсіздікті сақтау. Жұмысты бастамас бұрын шиналарды, майды, содан кейін авто корпусын тексеріп, көлікті қарап шығу қажет. Мен өзітүсіргішке мініп, мамандықты карьерде игеруге көшуді күтіп жүрмін.
Бағдарламаның бірінші қатысушысы Бестөбе ауылының тумасы Екатерина Бондаренко. Бұрын ол алтын өндіру зауытында тазалаушы болып жұмыс істеген. Екатерина әрқашан ауыр техника туралы армандайтын:
Үлкен көліктер мені әрқашан таңғалдыратын. Бос орындар жәрмеңкесінде мен бұл жоба туралы біліп, талпыныс жасап көрейін деп шештім. Анам мені уайымдап, қарсы болды, ал қазір барлық отбасы мүшелері мені қолдайды. Мен өзітүсіргіште өзімді ыңғайлы сезінемін. Біз экскаваторда жүргізілген оқудан да өттік, маған бұл техника ұнады. Мен экскаваторда да жұмыс істеуге қарсы емеспін. Сонымен қатар, мен жол тегістейтін катокты көрдім, қызық екен. Мені карьердегі қозғалыс шабыттандырады - бұл тәртіпке салынған жұмыс, мұнда бәрі нақты ұйымдастырылған, сен ауыр техниканы басқарудың барлық жауапкершілігін түсінесің. Мен ер адамдардан кем емес нәтижеге қол жеткізгім келеді.
Біздің кейіпкерлеріміздің жоғары білімі жоқ, бірақ олардың жұмыс істеуге және сүйікті ісімен айналысуға ынтасы зор. Қыздар «Алтыналмас» алтын өндіруші компаниясының вакансияларына жауап берді. Бұл ретте компания үміткерлерді жұмысқа орналастырып қана қоймай, оқу және тағылымдама міндеттемелерін өзіне алды. Компанияда «Women in Mining» бағдарламасы іске асырылуда, ол әйелдерге бұрын дәстүрлі еркектердің жұмыс өрісі болып саналған жаңа беделді мамандықты игеруге мүмкіндік береді. Жобаның алғашқы қарлығаштары әйелдердің алуан түрлі кәсіптермен айналысу қабілеттілігін көрсетті, олар үшін ешқандай кедергі жоқ.