×

Қазақстанда YouTube Premium сервисі іске қосылды

Ол қолданушылар мен контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашады

 Динара Амантай 13.03.2024 | 09:26
Фото: t.me/bagdat_mussin_official

Қазақстанда YouTube Premium сервисі іске қосылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сүйінші жаңалық! Өткен жылдың наурызында Кремний алқабына жұмыс сапары барысында мен Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президент Адам Смитпен кездесіп, сервистің Қазақстанда іске қосылуын талқылаған едім. Ал бүгін сіздермен керемет жаңалықпен бөліскім келеді. Қолданушылар мен контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашатын YouTube Premium енді Қазақстанда. Бұл оқиға – елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мен оны жаһандық желіге біріктіруде жасаған елеулі қадам, – деп жазды Бағдат Мусин Telegram арнасында.

Оның айтуынша, басқа қызметтермен қатар YouTube Premium-ді қолдану бейне мен музыкалық мазмұнға жарнамасыз шексіз қолжетімділікті, бейнематериалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеу мүмкіндігін және басқа қосымшаларды қатар қолдану кезінде оны фондық режимде де тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, министр қазір цифрлық экономиканы дамыту мен Қазақстандағы жергілікті контент-жасаушыларды қолдау мүмкіндіктері күн тәртібінде екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама