×

Көкшетауда облыстық соттың ғимаратында өрт болды

Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты қамтыды

 Халық үні 13.03.2024 | 08:55
Фото: ТЖД

12 наурызда Көкшетауда орналасқан Ақмола облыстық сотының ғимаратында өрт болды. 

ТЖМ мәліметінше, өрт сағат 19.55-те болды.

Көкшетау қаласында Назарбаев даңғылында орналасқан әкімшілік ғимаратта өрт болды. Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты қамтыды. Ақмола облысы ТЖД-ның 30 құтқарушысы мен 8 бірлік техникасы дереу шақырту орнына аттанды, - делінген хабарламада.

Өрт сағат 20-12-де оқшауланып, 20-30-да толығымен жойылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталу үстінде. 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама