×

Бишімбаев ісі: Бас прокуратура ескерту жасады

Қуандық Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысуымен өтетін болды

 Халық үні 13.03.2024 | 07:33
Фото: facebook.com/GenProkRK

Медиа-кеңістікте Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелеріне күмән келтіретін материалдар жарияланып жатыр.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай мәліметтерді тарату оның нақты іс бойынша объективті және әділ сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі жасау мақсатында сотқа әсер ету нысаны ретінде бағалануы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 407-бабына сәйкес соттың қызметіне араласуға жол берілмейді және ондай әрекет үшін жазаланады. Көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген. Осыған байланысты Бас прокуратура барлық азаматтар мен БАҚ-тарды заңдылықты сақтауға шақырады, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудан және соттың қызметiне қандай да болмасын түрде араласпауды ескертеді, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама