Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман түсіп, жел күшейеді
Халық үні
12.03.2024 | 23:27
Қазгидромет синоптиктері 13 наурыз, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Осыған байланысты қар аралас жаңбыр жауады.
Елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады.
Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман түсіп, жел күшейеді.