Halyq Uni логотип
×

Ерболат Досаев: Инклюзивті қаланы дамыту – біздің басымдығымыз

Алматыда ерекше қажеттіліктері бар 58 мыңнан астам адам тұрады

 Динара Амантай 12.03.2024 | 17:55
Ерболат Досаев: Инклюзивті қаланы дамыту – біздің басымдығымыз
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау – Алматы әкімдігінің басым міндеттерінің бірі. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі Кеңестің бірінші отырысында мәлімдеді.

Бүгінде Алматыда ерекше қажеттіліктері бар 58 мыңнан астам адам тұрады. Оның 9 мыңы – біздің балаларымыз. Әрбір азамат еркін дамуға, оқуға, жұмыс істеуге және біздің сүйікті қаламыздың дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік ала отырып, өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі маңызды, – деп атап өтті мегаполис басшысы.

Мұндай инклюзивті ортаны құру әкімдік пен азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерін талап етеді. Ерболат Досаевтың айтуынша, басым мақсаттардың бірі – Алматыны инклюзивті, тең мүмкіндіктер қаласы ету. Өткен жылдан бастап осы бағытта белсенді қадамдар жасалып жатыр.

Еске салсақ, бюрократсыздандыру шараларын іске асыру аясында мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша екі консультативтік-кеңесші органның қызметін қайта форматтау және Алматы қаласының инклюзивті ортасын дамыту жөніндегі кеңес құру туралы шешім қабылданды.

Кеңес төрағасы – Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, төрағаның орынбасарлары – әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпова және әкімнің штаттан тыс кеңесшісі Қасиет Омарова болды. Сондай-ақ, кеңес құрамына мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау саласындағы белгілі қоғам қайраткерлері Богдан Джепка, Татьяна Баклажанская, Майра Сүлеева, Әсия Ахтанова, Рауана Сағадиева және басқалар енді.

2023 жылдан бастап әкімдік жанынан қала әкімінің инклюзия жөніндегі штаттан тыс кеңесші институты сәтті енгізілді, кеңесшінің кеңсесі жұмыс істейді, онда қаланы басқарудың барлық аспектілеріне инклюзивті қағидаттарды енгізу жөніндегі команда жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама