×

Рудныйда 15 жасар қыз Тобыл өзеніне батып кетті

Қыз 29 мамыр күні шамамен 17.15-те шомылуға арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен

 Халық үні 31.05.2022 | 05:27
Фото: ашық дереккөздерден

Қостанай облысында жасөспірім ажал құшты. 29 мамыр күні сағат 19.15 кезінде Рудный қаласының Парковая көшесі бойында Тобыл өзенінің әкімшілік аумағында құтқарушылар 2007 жылы туған жасөспірімнің мәйітін судан шығарды.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметінше, қыз 29 мамыр күні шамамен 17.15-те шомылуға арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен. Сонымен қатар, оның сол жерде достарымен бірге болғаны анықталды.

Су қоймасының осы бөлігінде шомылуға тыйым салу белгісі бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама