Ол доппен өнер көрсетуде финалға шығып, 33 400 ұпай иеленді
Гимнасшы Елжаңа Таниева Испанияда өтіп жатқан Гран-при кезеңінде алтын медальді жеңіп алды.
Ол доппен өнер көрсетуде финалға шығып, 33 400 ұпаймен алтын жүлдені иеленді. Осы бағдарламада өзбекстандық спортшы күміс медаль алса, қола жүлдеге Словения өкілі ие болды.
Сондай-ақ Таниева шығыршықпен жаттығуда сегізінші, ал таспа, ұршық жаттығуларында төртінші орыннан көрінді.
Былтыр Елжаңа Таниева Қытайдың Чэнду қаласында өткен Универсиадаға қатысып, Қазақстан құрамасына бір күміс, бір қола жүлде жеңіп алған еді.
Ол доп және таспа жаттығуында күміс, шығыршық жаттығуында қола жүлде иеленді. Сөйтіп, доппен ойын көрсету сайысында екінші орынға ие болды.