×

Түркістандық полицейлер отбасылық «кәсіптің» жолын кесті

Қазіргі уақытта қылмыстық істі сотқа жіберу үшін тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде

фото: inform.kz

Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері Шымкентте ұйымдастырылған қылмыстық топты (ҰҚТ) анықтады.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, ҰҚТ облыстың Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Сарыағаш аудандарындағы 70 пәтерді тонаған. Күдіктілер бір отбасы мүшелері болып шыққан. 

Полиция қылмыскерлерді ломбардқа өткізілген тауарлар арқылы тапқан.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижелері барысында бұрын осындай қылмыстары үшін сотталған 26 жастағы ер адам полицияның назарына іліккен. Тексеру нәтижесінде ол өзінің таныстары мен туыстарынан топ құрғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, әр қылмысты жасауға мұқият дайындалып, үй иелерінің күн тәртібін зерттеген. Ұрлық жасап болған соң сезіктіні күйеу баласы көлігімен бірден алып кетіп отырған. Әрі қарай ұйымдастырушының анасы мен жұбайы ұрланған әшекей бұйымдарды пұлдап, түскен пайдасын өзара бөліскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама