×

CerebraAI стартапы Сауд Арабиясында 150 мың долларлық Community LEAP сыйлығын жеңіп алды

Қазақстандық жоба жыл сайынғы Rocket Fuel Startup Pitch байқауына қатысты

 Динара Амантай 12.03.2024 | 14:30
Фото: ұйымдастырушылар

LEAP – Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтетін әлемдегі ең ауқымды технологиялық іс-шара. Биыл Корольдіктің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігі (MCIT) және Misk қорымен бірге Сауд Арабиясының Ұлттық технологияларды дамыту бағдарламасы (NTDP) байқауда төрт сарапшы төрешіні тағайындап, алты номинация бойынша марапат табыс етті.

«AI Awards» санатындағы үздік жоба атағын қазақстандық CerebraAI стартапы жеңіп алды. Жоба креативтілік, инновация, ауқымдылық және өсу әлеуеті, функционалдылық және салаға әсер ету критерийлері бойынша бағаланды. Бағалаудың маңызды аспектісі – қоғамға қосар практикалық пайдасы.

Жартылай финалға қатысу үшін барлығы 100 стартап іріктелді. Гранд финалға 12 қатысушы жолдама алып, оның 6-ы ақшалай сыйлықпен марапатталды. CerebraAI жасанды интеллектті жүйелі және инновациялық жолмен пайдаланғаны үшін 150 мың доллар алды.

CerebraAI – инсультті уақтылы анықтауға арналған Қазақстандық жасанды интеллект. Жоба әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі –  инсульт мәселесін көтереді. Команданың инновациялық шешімі дәрігерлерге заманауи технологияларды пайдалана отырып, мүмкіндігінше жылдам және дұрыс диагноз қоюға көмектесу үшін жасалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама