×

Ақмола облысында қайғылы жағдай болды

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамы шақырылды

фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында суға батқан екі адамның мәйіті табылды. Қайғылы жағдай Есіл және Бұланды аудандары аумағындағы су қоймаларында болған.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады. 

«Мамырдың 28-інде сағат 15:00 шамасында Есіл ауданындағы Жаныспай ауылынан 250 метр қашықтықтағы Жаныспай өзенінен, 63 жастағы ер адамның денесі табылды. Оны куәгерлер көріп, судан алып шықты. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы техника, аудандық ПБ жеке құрамынан 8 адам және 2 техника шақырылды. Қазіргі кезде ер адамның өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Сонымен бірге, 29 мамыр күні сағат 11:30 Бұланды ауданының Боярка ауылы маңындағы Қарағай кентінде 32 жастағы ер адамның денесін сүңгуірлер судан алып шықты.

Куәгерлердің сөзінше, ол 28 мамыр күні сағат 15:00 шамасында қайықтан құлап, тоғанның суына батып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама