«Саран» шахтасында бір жұмысшы қаза тапты
Алдын ала мәлімет бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен
12 наурызда түнде компанияның көмір департаментіне қарасты «Саран» шахтасында монтаждау жұмысының арнайы жабдығын жөндеу кезінде 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы жарақат алып, қаза тапты. Бұл туралы Qarmet-тің мәліметіне сүйенген malim.kz хабарлады.
Жұмыс ZY7200 – 13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды. Ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген, – делінген хабарламада.
Жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен.