×

Президент Әзербайжанның Физули қаласына барды

Бұдан кейін екі ел басшылары Шушаны аралап көреді

 Дастан Жұмабекұлы 12.03.2024 | 13:25
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барды.

Физули қаласының әуежайында мемлекет басшысын Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Мұнда президенттер Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ жергілікті халықпен кездесіп, алдағы уақытта салынатын Физули қалалық Орталық ауруханасының жобасымен танысады.

Бұдан кейін екі ел басшылары Шуша қаласындағы әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарды аралап көрмек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама