ШҚО жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Динара Амантай

Қар көшкінін түсіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіледі

Фото: Halyq Uni

ШҚО жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін сағат 11:00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінін түсіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахман қайнарлары» автожолының 46-66-шақырымдарында Северное ауылы-Серебрянск қаласы учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.