Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді
Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған бапкерлер сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сот үкімімен дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Сот талқылауы барысында жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынып, 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды.
Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.