×

«Қалың тұман, көктайғақ». «Қазавтожол» жүргізушілерге ескерту жасады

Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді

 Динара Амантай 12.03.2024 | 09:45
Фото: elements.envanto

Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу облыстары мен Астана қаласына қалың тұман түседі. Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарын да тұман басып, қар жауады. Жолдың кейбір учаскелерінде көктайғақ болуы мүмкін.

11-13 наурыз аралығында Жамбыл облысында жауын жауып, күн күркірейді. Таулы аймақтарда тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетіп, жол жабынында көктайғақтың пайда болу қаупі бар.

Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі мен орталығында жаяу бұрқасын, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама