Қаскелеңде такси жүргізушісі клиентін өлтіріп кетті (ВИДЕО)
Ер адам кеуде тұсында жарақат алған
Алматы облысы Қаскелең қаласында 45 жастағы такси жүргізушісі клиентін өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Полиция департаментінің мәліметінше, 29 мамыр күні Қаскелеңде денесінде зорлық белгілері бар 45 жастағы ер адамның денесі табылған.
«Марқұмың денесі тұрғын үй кешеніне кіреберісте жергілікті такси жүргізушілері тұратын шлагбаумның маңынан табылды. Ер адам кеуде тұсында жарақат алған. Мән-жайды анықтау барысында такси жүргізушілерінің бірі клиентімен сөзге келіп қалып, оны бұрағышпен ұрғаны белгілі болды. Оқиға орнынан ізін суытқан күдікті тұрғылықты жерінен ұсталды. Ол аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, қамауға алынды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша жүргізілуде», - дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Күдікті осыған дейін сотталған, жеке тасымалдаумен айналысатын 45 жастағы Қаскелең тұрғыны болып шыққан. Қылмыс құралы ретінде тіркелген бұрағыш қылмыстық іс материалдарына заттай айғақ ретінде қосылған.