×

Рудный қаласының 4 көшесінде электр жарығы өшіп қалды

Рудныйдың орталық қосалқы стансадан қуат алатын кабелі зақымданған. 

 Халық үні 11.03.2024 | 22:45
Фото: Tengrinews.kz/Ардақ Құлтаев

Қостанай облысының Рудный қаласында электр қуаты ішінара сөніп қалды, деп хабарлады қала әкімдігі. 

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Рудныйдың орталық қосалқы стансадан қуат алатын кабелі зақымданған. 

Осыған байланысты қаланың 4 көшесінде электр жарығы өшіп қалған. 

«Ақау табылды, оны «Аттика» ЖШС мамандары жөндеп жатыр. Жағдай Рудный қаласы әкімдігінің бақылауында»,  делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама