Рудный қаласының 4 көшесінде электр жарығы өшіп қалды
Рудныйдың орталық қосалқы стансадан қуат алатын кабелі зақымданған.
Қостанай облысының Рудный қаласында электр қуаты ішінара сөніп қалды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Рудныйдың орталық қосалқы стансадан қуат алатын кабелі зақымданған.
Осыған байланысты қаланың 4 көшесінде электр жарығы өшіп қалған.
«Ақау табылды, оны «Аттика» ЖШС мамандары жөндеп жатыр. Жағдай Рудный қаласы әкімдігінің бақылауында», делінген хабарламада.