Мұндай қылмыс үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген
Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан студенттерден құрылған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында облыс орталығының аумағында бопсалаумен айналысқан оқу орындарының бірінің студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады. Күдіктілер күш көрсетіп қорқытып, Ақтөбе қаласында колледж студентінен ірі көлемде ақша бопсалаған.
Адамдар тобымен жасалған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Мұндай қылмыс үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ұсталғандар кінәсін мойындап, тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – делінген полиция хабарламасында.
Қазір шабуылдаушылардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.