Halyq Uni логотип
×

Павлодарда 7 адамның өмірін жалмаған сұйықтыққа қатысты тың дерек шықты

Уланғандардың іш құрылысы істемей, шетінен көз жұмған

Павлодарда 7 адамның өмірін жалмаған сұйықтыққа қатысты тың дерек шықты
фото: inform.kz

Павлодарда жеті адамның өмірін жалмаған белгісіз сұйықтық қолдан жасалған спирттік ішімдік болуы мүмкін. Белгісіз сұйықтықтан уланғандарды ажалдан арашалап қалуға барын салған дәрігерлер осылай деп болжап отыр. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде көрсетілді. 

Полицейлердің мәліметінше, бір үйден үш адамның өлі денесі табылған. Оның біреуі 67 жастағы үйдің иесі болса, екіншісі 32-дегі баласы. Ал үшіншісі – зейнеткер. Сол күні тағы төрт адам ауыр хәлде ауруханаға түскен. Олардың төртеуі де емдеу мекемесінде жатып көз жұмды. Қаза тапқандардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Бірақ олардың белгісіз сұйықтық ішкені анықталыпты. Содан кейін бәрінің іш құрылысы істемей, шетінен көз жұмған.

«Ауруханаға жеткізілген азаматтардың спирттік ішімдік ішкені бірден байқалып тұрды. Ащы судан уланған ба деп күдіктеніп, диагнозға сәкес емдом жасалған. Бірақ науқастардың өмірін сақтап қала алмадық», – дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазинов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама