×

Нигер Республикасындағы қазақстандықтар елге оралды – СІМ

Әскерилер олардың төлқұжатын алып қойған

 Дәурен Ерболат 11.03.2024 | 16:50
фото: Halyq Uni

Нигердегі Қазақстан азаматтары елге оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осыдан бірнеше апта бұрын Нигер астанасы Ниамейде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды деген ақпарат түсті. Қазақстанның Мысырдағы консулы дереу сол қалаға ұшып барды. Ол Нигердің Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктерінің, Қарулы Күштері бас штабының басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында Қазақстан тарапы «Біздің азаматтарды дереу жіберіп, паспорттарын қайтарсын» деп талап қойды, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің айтуынша, қазақстандықтардың Нигер Республикасына не үшін барғаны белгісіз және Ниамейдегі әскерилер де олардың төлқұжатын не үшін алғанын түсіндіре алмаған.

«Осыған қарамастан Қазақстан ресми түрде сол елдің билігіне нота жіберді. Нигер Сыртқы істер министрлігінің көмегімен біздің азаматтарымызға төлқұжаттары қайтарылды. Биыл 26 ақпанда олар Қазақстанға оралды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама