×

Кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікті сот ғимаратында асылып қалды

Сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады

фото: ашық дереккөзден

Теміртау қалалық соты ғимаратының арнайы ұстау камерасында күдікті өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды. 

Оқиға 57 жастағы күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы санкцияланғаннан кейін орын алған.

«Ұсталған азамат кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «Өзін-өзі өлтіруге апару» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада. 

Облыстық соттың баспасөз қызметі күдіктіні сот ғимаратының арнайы бөлмесіндегі камераға шығарып салып, қамауда ұстағанын, ол жерде өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады.

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, сотталушыны қадағалауы тиіс Теміртау қалалық ІІБ қызметкерлерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарауы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама