Елімізде күн күрт суытып, аяз күшейеді
Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады
Синоптиктер 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Алдағы күндері елімізде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады.
12 наурызда Павлодар және Қарағанды, ал 12-13 наурызда Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында қар аралас жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.
Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы түнде -10-20 градусқа төмендеп, аяз сынады. Күндіз ауа температурасы -2-10 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар.
Оңтүстікте түнде ауа температурасы -2-12 градусқа дейін түседі, күндіз -6 градус суық, +2 градус жылы болады.
12 наурызда Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -13, күндіз -6 градус суық.
Бұл күні Алматыда күн ашық болады. Түнде +4, күндіз +14 градус жылы.
Сондай-ақ Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +9, күндіз +11 градус.