Абай облысында 329 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Жергілікті шаруа қожалығы өзіне тиесілі жерді басқа адамдарға жалға берген
Жарма ауданының прокуратурасы жергілікті шаруа қожалықтарының бірі өзіне берілген 17 мың гектардан астам жер телімдерін ұзақ уақыт пайдаланбай, үшінші адамдарға қосалқы жалға бергенін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сот шешімімен бұл жер учаскелері мемлекет пайдасына алынды. Олардың кадастрлық құны – 329 млн теңге.
Қазір оларды басқа мұқтаж жер пайдаланушыларға, соның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жергілікті инвесторларға беру мәселесі шешіліп жатыр.