×

Қорғаныс министрлігі бірқатар өңірдің жекелеген аудандарында шектеу шараларын енгізуі мүмкін

Ведомство азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды

 Динара Амантай 11.03.2024 | 12:21
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 11-19 наурыз аралығында Қарағанды облысының аумағында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жауынгерлік дайындық іс-шаралары кезінде Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарының аумағында күштер мен құралдардың қозғалысы іске асады. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер полигондарға темір жол, әуе және автомобиль көлігі арқылы аралас тәсілмен марш жасайды. Кейін тұрақты орналасу пункттеріне оралады.

Қорғаныс министрлігі аталған кезеңде өңірдің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін хабарлайды.

Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және тыныштық сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, қолданыстағы заңнамада жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама