Halyq Uni логотип
×

Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен тапанша мен тыйым салынған кітаптар тәркіленді

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Айнұр Асылбекқызы 30.05.2022 | 19:28
Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен тапанша мен тыйым салынған кітаптар тәркіленді
коллаж: Halyq Uni

Атырауда 29 жастағы деструктивті діни ағым өкілінің тұрып жатқан үйінде қару мен тыйым салынған кітаптар табылды.

Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті мен Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында оны анықтап, тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізген. Оның тұрып жатқан үйінде 9 мм «МР-79» калибрлі травматикалық тапаншасы, 14 дана патроны, Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған мағлұматтар бар 5 дана флешкарта мен 17 дана діни кітап тәркіленді. 

Күдікті Қылмыстық-процессуалдық колекстің 128-бабының негізінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған дерек бойынша Атырау қаласының №2 Полиция бөлімімен ҚК-тің 287-бабының 2-бөлігімен («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама