×

Таразда базар аумағында өрт шықты (ВИДЕО)

Өртті сөндіруге 40-қа жуық адам және 13 техника жұмылдырылды

 Динара Амантай 11.03.2024 | 10:48
Фото: видеодан скриншот

Таразда базар аумағынан өрт шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Мәмбет батыр көшесінің бойында «Омар ата» базарының аумағында 350 шаршы метр алаңда қойма өртеніп жатыр. Өрттің себебі анықталуда. Ол сағат 10:05-те оқшауланды.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның жеке құрамынан 40-қа жуық адам және 13 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама