×

Елорда мешіттеріне қатынайтын арнайы бағдарлар іске қосылды

Автобустар 5 мешітке қатынайды

 Дәурен Ерболат 11.03.2024 | 10:20
Фото: nur.kz/ Владимир Третьяков

Астанада Рамазан айынан бастап мешіттерге арнайы маршруттар жүреді, деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы.

11 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айында арнайы бағдарлар жүреді, - деп жазылған хабарламада.

Компания мәліметінше, діндар адамдарға ыңғайлы болу үшін қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді.

«Республикалық Бас мешіт» мешітінің бағыттары:

  • «Целинный» Ш/А;
  • Есу арнасы;
  • Республика даңғылы.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бағыттары:

  • «Спутник» супермаркеті;
  • Теміржол вокзалы;
  • «Көктал-1,2» тұрғын үй алабы;

«Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің бағыттары:

  • «Көктал-1,2» тұрғын үй алабы;
  • Теміржол вокзалы;
  • Медицина колледжі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бағыттары:

  • «Көктал-1,2» тұрғын үй алабы;
  • «Кирпичный» тұрғын үй алабы.

«Рахымқызы Райса ана» мешітінің бағыттары:

  • «Рахмет» сауда орталығы:

Бағдарлар кешкі сағат 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді. Жол жүру құны – 90 теңге.

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 11 наурыз бен 10 сәуір аралығына сәйкес келеді. 10 сәуірде Ораза айт басталады. 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні.

2024 жылғы пітір садақа мөлшері – 640 теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама