Елорда мешіттеріне қатынайтын арнайы бағдарлар іске қосылды
Автобустар 5 мешітке қатынайды
Астанада Рамазан айынан бастап мешіттерге арнайы маршруттар жүреді, деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы.
11 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айында арнайы бағдарлар жүреді, - деп жазылған хабарламада.
Компания мәліметінше, діндар адамдарға ыңғайлы болу үшін қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді.
«Республикалық Бас мешіт» мешітінің бағыттары:
- «Целинный» Ш/А;
- Есу арнасы;
- Республика даңғылы.
«Әзірет Сұлтан» мешітінің бағыттары:
- «Спутник» супермаркеті;
- Теміржол вокзалы;
- «Көктал-1,2» тұрғын үй алабы;
«Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің бағыттары:
- «Көктал-1,2» тұрғын үй алабы;
- Теміржол вокзалы;
- Медицина колледжі.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бағыттары:
- «Көктал-1,2» тұрғын үй алабы;
- «Кирпичный» тұрғын үй алабы.
«Рахымқызы Райса ана» мешітінің бағыттары:
- «Рахмет» сауда орталығы:
Бағдарлар кешкі сағат 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді. Жол жүру құны – 90 теңге.
Айта кетейік, биыл Рамазан айы 11 наурыз бен 10 сәуір аралығына сәйкес келеді. 10 сәуірде Ораза айт басталады. 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні.
2024 жылғы пітір садақа мөлшері – 640 теңге.