×

ШҚО-да анасы мен баласы қайғылы жағдайда көз жұмды

Өлім себебі – пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау

 Халық үні 10.03.2024 | 19:25
Фото: baigenews.kz

Бүгін Шемонаиха ауданында екі адам иісті газға уланып қаза болды. Ал алдыңгүні дәл осындай себеппен Шығыс Қазақстан облысының тағы бір ауданында бір әйел көз жұмды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомство мәліметінше, 8 наурызда ШҚО Ұлан ауданында тұрғын үйден 1950 жылы туған әйелдің денесі табылды, ал оның ұлы 1973 жылы туған ер адам көміртегі тотығымен улану белгілерімен бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.

Төтеншеліктердің нақтылауынша, өлім себебі – пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, атап айтқанда, тазартылмаған түтін мұржасы.

Екінші жағдай 10 наурызда Шемонаиха ауданында болды. Камышенка ауылында 1965 жылы туған әйел мен оның 1989 жылы туған ұлы үйде көміртегі тотығымен уланудан қайтыс болды. 1986 жылы туған екінші ұлы ауыр һәлде ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама