Halyq Uni логотип
×

Ұлытау облысында 25 ауыл су тасқынының астында қалғалы тұр

15 наурыздан бастап күндіз де, түнде де ауа температурасының жылынуы күтіліп отыр

 Еркеғали Болатұлы 10.03.2024 | 15:48
Ұлытау облысында 25 ауыл су тасқынының астында қалғалы тұр
фото: ТЖМ

Ұлытау облысында 25 елді мекенді су басу қаупі бар. Олардың көбі – Жаңаарқа ауданына қарасты ауылдар.

Биыл өңірге қар қалың түсті. Облыстың солтүстік бөлігінде қатқан жер тоңының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Қазір өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, арық-атыздарды тазалап, қажетті инертті материалдар мен техникалық құралдардың қорын жасақтап жатыр.

Бүгінде 270 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстар әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар жол ұйымдарының жұмысшылары 600-ге жуық су өткізу құбырлары мен көпірді тазалады. Негізгі қауіп – 15 наурыздан бастап күндіз де, түнде де ауа температурасының жылынуы күтіліп отыр.

Бізде қазір дайын штаб құрамы бар. Қажет болған жағдайда, қауіп төнген кезде сол штаб құрылып, дереу іс-шаралар қабылданады», - деді төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы Әлібек Әбілов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама