×

Жезқазған-Қызылорда тасжолында 75 көлікке көмек көрсетілді

Жолдағы құтқару жұмыстарына ТЖМ мен «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ қызметкерлері жұмылдырылды

 Динара Амантай 10.03.2024 | 14:01
фото: orda.Kz

Күн райының күрт жылынуы салдарынан Жезқазған-Қызылорда автожолында көліктердің жүруі қиындаған.

Ұлытау облысының автокөлік жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының хабарлауынша, бүгін сағат 12:00-ге дейін барлығы 75 көлік балшықтан шығарылған. Оның ішінде 1 автобус, 10 жүк көлігі және 36 шағын автобус пен 28 жеңіл көлікке көмек көрсетілген. Ол көліктерде барлығы 350 адам, оның ішінде 22 бала болған.

Облыс әкімдігінің мәліметіне сәйкес, жолдағы құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 1 арнайы техникасы, «Қазавтожол» ұлттық компаниясы филиалының 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.

Еске сала кетсек, Жезқазған-Қызылорда тасжолының Ұлытау облысы аумағындағы бөлігін қайта жөндеу бойынша қазір Көлік министрлігі тарапынан конкурстық рәсімдер өтіп жатыр. Жол жөндеу жұмыстары биыл басталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама