Хирургтар тағы екі адамға жаңа бүйрек салып берді
Астанада мереке күндері елдің әр түкпірінен келген үш пациентке екі адамның бүйрегі мен бір адамның жүрегі ауыстырылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астана қаласының Кардиохирургиялық орталығының трансплантологтары мен кардиохирургтары 26 жастағы азамат пен баланың және тағы бір адамның жүрегін ауыстырды.
Ер адам бүйректің V терминалды сатысы диагнозымен 6 жыл бойы гемодиализде болған. Оған Ұлттық ғылыми онкология орталығында дәрігерлер кадаверлік бүйректі ауыстыру операциясын сәтті жасады.
Реципиент палатаға ауыстырылды. Бүгінгі күні оның жағдайы жақсы. Бүйрек толық жұмыс істеп тұр.
Екінші бүйрек балаға Ана мен бала орталығында ауыстырылды, – делінген хабарламада.
Үшінші ағза - жүректі трансплантаттау Кардиохирургиялық орталықта жасалды.