Экс-президент өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Халық үні

Үкім 26 маусымда шығады

Фото: Ақтөбе обл. сотының баспасөз қызметі

Гондурастың бұрынғы президенті Хуан Орландо Эрнандес Нью-Йоркте есірткі сатушылармен сөз байласқаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлады Kazinform.

Euronews жазуынша, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Гондурастың бұрынғы президенті Хуан Орландо Эрнандес есірткі сатушылармен келісіп, тонналаған кокаинді АҚШ-қа кедергісіз кіргізу үшін өзінің әскери және ұлттық полициясын пайдаланған. 

Мұндай үкімді Нью-Йорк федералды сотында алқабилер соты шығарды.

Бұл айып бойынша ең төменгі жаза — 40 жылға бас бостандығынан айыру, ал ең қата жаза — өмір бойына соттау. 

Үкім 26 маусымда шығады, бірақ Эрнандестің адвокаты Сабрина Шрофф апелляциялық шағым беретінін мәлімдеді.

Өз кезегінде прокурор Дэмиан Уильямс өз мәлімдемесінде айыптау үкімі «осыған ұқсас жолмен жүргісі келетін бүкіл жемқор саясаткерлерге ескерту болады» деп үміттенді.

Ол Эрнандестің «өзі туып-өскен Гондурастың өмірін жарқын жаққа өзгертуге бүкіл мүмкіндігі болғанын» айтты. 

«Оның орнына өз ұстанымы мен елін жеке басының пайдасына пайдаланып, әлемдегі ең ірі және қатыгез есірткі сататын ұйымдармен сыбайласты».

55 жастағы Эрнандес екі мерзім бойы Гондурас президенті болды — 2014 жылдан 2022 жылға дейін.

Ол ел астанасы Тегусигальпадағы үйінде қызметінен кеткеннен кейін үш айдан кейін қамауға алынып, сол жылы сәуірде АҚШ-қа экстрадицияланды.

Америкалық прокурорлар Эрнандесті 2004 жылдан бері есірткі сатушылармен ынтымақтасты деп айыптаған. Сөйтіп миллиондаған пара алып, ауыл конгрессменінен Ұлттық конгресс президентіне, содан кейін елдегі ең жоғары лауазымға дейін көтерілді деп мәлімдеді.

Сотта айтқан өзінде Эрнандес есірткі барондарынан ақшаны Гондурастың барлық дерлік саяси партиялары алғанын мәлімдеді, бірақ өзі алмадым деді.

Айтуынша, оның айыптаушылары өз қылмысын жасыруға тырысып, бар айыпты осыған жапқан.

«Олардың бәрінде өтірік айтуға мотивация бар, олар — кәсіби өтірікшілер», — деді Эрнандес.

Сот отырысында куәгерлердің қатарында есірткі сатушылар да болды.

Олар ондаған кісі өліміне өздері жауапты екенін мойындады және Эрнандес әлемдегі ең ықпалды кокаин дилерлерін ерекше ынтамен қорғады деп мәлімдеді. Оның ішінде АҚШ-та өмір бойына сотталған атақты мексикалық есірткі иесі Хоакин «Эль Чапо» Гузман да бар.