×

UFC: Асу Алмабаев екінші мәрте жеңіске жетті

ММА-дегі статистикасы — 19-2

 Халық үні 10.03.2024 | 07:40
Фото: UFC/Instagram

АҚШ-тың Майами қаласында UFC 299 турнирі өтті. Онда қазақстандық спортшы Асу Алмабаев америкалық Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шықты. Үш төрешінің үшеуі де бірауыздан Алмабаевты жеңімпаз деп таныды — 30:27.  

Бұл — 30 жастағы Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі. 

Мұның алдындағы өткен жылғы дебютінде де қарсыласы америкалық Оди Осборннан басым түскен болатын. 

ММА-дегі статистикасы — 19-2. 

Оның жеңістер сериясы қазір — 15 жекпе жек.

32 жастағы Си Джей Вергара осы айқасқа дейін UFC-де екі рет жеңіс тұғырынан көрінген. 

Оның жаңа статистикасы: ММА-да 12-5-1 және UFC-де 3-3.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама