Головкин қазақстандық боксшыларды қолдау үшін Италияға барды
Головкиннің ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары
Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан лицензиялық турнир өтіп жатқан Бусто-Арсициоға (Италия) барды.
Аталған сында 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барлық салмақта лицензия ойнатылып жатыр. Турнирде ерлер мен әйелдер командасы бақ сынауда.
ҰОК басшысы шешуші жекпе-жектер кезінде қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетеді. Бұл Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары.
Айта кетелік, 9 наурыз күні үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты. Валентина Хальзова ширек финалға жолдама алып үлгерді.