×

Атырау облысында жол апатынан екі көлік өртеніп, бір адам көз жұмды

Тәртіп сақшылары жол ережелерін бұзбай, көлікті сақтықпен жүргізуді ескертеді

 Халық үні 09.03.2024 | 19:37

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, өртеніп кетті. Жол апатының салдарынан бір жүргізуші мерт болды. 

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 9 наурызда болған.

«Бүгін таңертеңгі сағат 07:00 шамасында «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тас жолының 74-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Бірі – Газель, екіншісі – КамАЗ. Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі автокөлік те өртеніп кетті. Ал, Газель автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Полицейлер жол апатының себебін тексеру үшін «Кибер-Шериф» құрылғысы арқылы автокөліктердің қозғалыс уақытын зерделеді. Сол кезде Газель көлігі жүргізушісінің демалмастан тәулік ішінде Ақтау-Орал, Орал-Атырау бағытында жол жүргенін анықтады. 

«Тәртіп сақшылары жол ережелерін бұзбай, көлікті сақтықпен жүргізуді ескертеді. Көлік жүргізу үшін физикалық тұрғыдан дайын болу керек. Ал, алыс сапарға шыққанда, жол бойындағы кемпингтерде демалу қажет. Көлік жүргізушілері өзінің және өзгенің денсаулығы мен өміріне жауапты екенін естен шығармауы тиіс», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама