×

Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенді

Өрттің жалпы аумағы – 2500 гектар

 Динара Амантай 09.03.2024 | 14:00
Фото: видеодан скриншот

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде «Құрманғазы орман шаруашылығы» КММ аумағында Каспий теңізінің жағалауында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Баруға қиын батпақты аймақта 148 гектар жерде қамыс күйіп тұр.

Өрттің жалпы аумағы – 2500 гектар, оның 277 гектары төтенше жағдайлар қызметінің күшімен сөндірілді, ал 2075 гектары өздігінен жойылды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өртті жоюға 56 адам, 9 мотопомпа, 11 моторлы қайықтан тұратын ТЖ, орман шаруашылығы, ЖАО күштері мен құралдары тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама