Жер сілкінісі Ойшілік аулынан 100 шақырым жерде болған
Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы Ойшілік аулындағы «жер сілкінісіне» қатысты хабар таратты. Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы ақпараты бойынша, биылғы 8 наурызда Абай облысы Ақсуат ауданы аумағында, Ойшілік ауылынан 100 шақырым жерде, сағат 22:41-де жер сілкінісі тіркелген.
Қазақстан Республикасының аумағында сезілмеді. 2024 жылғы 9 наурызда сағат 10:40-тағы жағдай бойынша жаңа жер сілкінісі жағдайы тіркелген жоқ, – делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстанда жер сілкінісі қаупі бар қалалар мен облыстарға Алматы, Шымкент, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Абай, Жетісу облыстары кіреді.