×

«Зілзала ел аумағында сезілмеді». ТЖМ Ақсуаттағы «жер сілкінісіне» қатысты түсініктеме берді

Жер сілкінісі Ойшілік аулынан 100 шақырым жерде болған

 Ербол Тұрымбет 09.03.2024 | 13:45
фото: kronwerk.ru

Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы Ойшілік аулындағы «жер сілкінісіне» қатысты хабар таратты. Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы ақпараты бойынша, биылғы 8 наурызда Абай облысы Ақсуат ауданы аумағында, Ойшілік ауылынан 100 шақырым жерде, сағат 22:41-де жер сілкінісі тіркелген.

Қазақстан Республикасының аумағында сезілмеді. 2024 жылғы 9 наурызда сағат 10:40-тағы жағдай бойынша жаңа жер сілкінісі жағдайы тіркелген жоқ, – делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанда жер сілкінісі қаупі бар қалалар мен облыстарға Алматы, Шымкент, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Абай, Жетісу облыстары кіреді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама