×

ҰҚК Ресейдің күштік құрылымдары атып өлтірген 2 қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 09.03.2024 | 11:30
Фото: kaztag.kz

БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыру әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды.

Бұл адамдардың Қазақстандық азаматтығы және Ресейге шыққандығы расталады. Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста іске асырылып жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама