×

Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолды су басты

Бақылау мақсатында тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды

 Динара Амантай 09.03.2024 | 10:21
Фото: видеодан скриншот

Кеше сағат 17:00-де республикалық маңызы бар А-26 «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 194-шақырымында еріген қар суы әсерінен су басты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

 Автожолдағы жол төсемі бойынша еріген қар суының ені - 20 метр, биіктігі - 3-5 сантиметр шамасында (алдын ала ақпарат бойынша). Аталған учаскеде су өткізгіш құбыр жоқ. Су ағысын жою үшін ҚАЖсервис ЖШС-нің 10 жол жұмысшысы (ДЭУ-13 Шалқар), 4 арнайы техникалық құралдарды (1 самосвал, 1 тиегіш, 2 ДРС) жұмылдырылып, 150 қап құм және қосымша 40 тонна құм төселді. Сағат 20:00-де ҚАЖсервис ЖШС-нің (ДЭУ-13 Шалқар) күшімен су басу толығымен жойылып, қазір қауіп жоқ. Бақылау мақсатында тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды.

Бүгін сағат 08:00-дегі ахуал бойынша А-26 «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық маңызы бар автожолының еріген қар суының басу қаупі жоқ. Осы учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Жолшылар тәулік бойы патрульдеп жатыр.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ компаниясы жолдарда мұқият болуды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама